Республика күні қарсаңында Семейде 32 көпбалалы отбасыға баспана кілті табысталды

Dalanews 24 окт. 2023 12:39 1498

Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мемлекеттік тұрғын үй қорыннан «Көпбалалы отбасы» санатына жататын кезекте тұрған 32 отбасыға Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың басынан бастап пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға Комсомол кентінен 50-ден астам жеке үйлердің кілттері табысталған болатын.

Осы ретте аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы тұрғын үйлер екенін айта кетуіміз керек.

Әр үйдің жалпы ауданы 80-100 шаршы метрді құрайды, үйлер жылыту пештерімен толық қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ауласында бау-бақшаға арналған арнайы бос орын бар.



– Бүгін 32 отбасы Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін! Республика күні құтты болсын! – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ден астам әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.

 

Рекомендовать
Последние новости