Ресейде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға қатысты тексеріс басталды

Сағыныш Сардарова 14 нояб. 2025 17:36

Ресейде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Газета.ru мәліметінше, бұл туралы Ресей ІІМ-нің Азаматтық қоғам институттары және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы мәлімдеген.

"Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасы өтініштегі мән-жай бойынша тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ведомство басшысының орынбасары Евгений Артёмов.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға іздеу жариялады. 


Рекомендовать
Последние новости