Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйге ұры түсті

Қаракөз Амантай 14 нояб. 2025 16:59

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі зәулім үйге ұры түскені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

EGovpress телеграм арнасы таратқан хабарламада үй маңына көп полиция қызметкері жиналғаны айтылған.

“Оқиға орнында қылмыс жасалды деген алдын ала болжам бар”, - делінген.

Өңірлік полиция департаменті 14 қарашаға қараған түні Қарғалы ауылының тұрғындарынан үйге белгісіз біреулердің кіріп, бағалы заттардың ұрланғаны туралы қоңырау түскенін Stan.kz агенттігіне растады.

Ведомствоның мәліметінше, шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары барған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген ресми хабарламада.

Полиция күдіктілерді іздеу жұмыстарына жеке құрам толықтай жұмылдырылғанын, сондай-ақ бағыттамалар жақын орналасқан елді мекендерге жіберілгенін атап өтті. Алайда тәртіп сақшылары ұрлық жасалған үйдің нақты кімге тиесілі екенін жариялаған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости