Ресей Қытайдан тартып алған территорияны қайтармай отыр

Dalanews 10 апр. 2017 05:34 879

АҚШ-пен Қытай арасында одақтастыққа бірінші қадам жасалды. Оның дәйегі: екі мемлекет Сириядағы бейбіт тұрғындарға жасалған улы газбен шабуылға қарсылық білдіргені.

Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған улы газбен шабуылға қарсылық білдіру – Асад билігі мен Ресей саясатына қарсы шығу деген сөз. Менің ойымша, Қытай мен АҚШ өзара одақтастыққа алғашқы қадам жасап отыр. Мүмкін екі тарап қалыптасып келе жатқан бағыттан бас тартар, бірақ АҚШ пен Қытай Ресейге қарсы одақтас бола жаздады.

Осы екі ұлы держава (АҚШ пен Қытай әлемде әскери және экономика жағынан ең қуатты мемлекеттер), егерде АҚШ пен Қытай Ресейге қарсы одақтас бола қалса - онда Ресейдің жағдайы тіпті мүшкіл болмақ. Қытайдың Ресейге қыжылы бар – ол территориалық талаптар: кезінде Қытай 19 ғасырдың ортасындағы «Апиын соғысынан» кейін әлсіреп, Айгун және Пекин келісімдеріне қол қойып, Амур өзенінің бойындағы өлкелерді Ресейге беруге мәжбүр болған.

Сол тұста 19 ғасырдың ортасында басқа ірі мемлекеттер де Қытайдан жер олжалаған. Ұлыбритания Цзюлун жартыаралының оңтүстігі, сол сияқты «Апиын соғыстарының» нәтижелері және жоғарыда аталған Пекин келісімі бойынша Гонконгты Португалия иеленген (1557 жылдан бастап Макаоны).
Бірақ бүгінгі таңда Ұлыбритания және Португалия барлық отар территорияларын Қытайға қайтарды, тек Ресей ғана Қытайға тартып алған жерлерін қайтармай отыр.

Сондықтан АҚШ пен Қытай Ресейге қарсы ымыраласуы мүмкін. Ресей екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі жаһандық тәртіпті бұзды деп есептеледі: Ресей Украинадан Қырымды тартып алды және Шығыс Украинадағы «азамат соғысын» қолдап отыр.

Ал Калининград облысында «Ескендір» ракеталарын орналастырып, Батыс Европаның зәресін алып отыр. Қорыта айтсақ, АҚШ, Иранды «кешіріп», оны Ресейге қарсы қойды. Енді АҚШ Қытаймен одақтас бола қалса, егерде бұл одақтастық пен ымырашылдықты Еуроодақ қолдаса, онда оқшауланған Ресейді АҚШ, Еуроодақ және Қытай Ресейді түтіп жейді. 

Әзімбай Ғали, 


саясаттанушы 


Рекомендовать
Последние новости