Референдум-2024: Алматыда 100 «Инватакси» және 20 кезекші көлік мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды тасымалдайды

Жарбол Кентұлы 06 окт. 2024 09:47 893

Бүгін қалада республикалық референдум күні қозғалысы шектеулі тұрғындар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады.

«Инватакси» мүгедектер арбасын пайдаланатын және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін қолжетімді.

Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетуде.

«Инватакси» қызметін келесі диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады: • мүгедектер арбасын пайдаланатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp); • көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету және тасымалдау үшін қосымша 20 кезекші көлік бөлінді. Кезекші көлікті шақыру үшін келесі нөмірге хабарласуға болады: 338-30-09. Осы нөмір бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет сапасы бойынша да шағымдана алады.

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 


Рекомендовать
Последние новости