Құны 2 млн АҚШ долларынан асады: Қарағанды облысында жасырын зертхана әшкере болды

Сағыныш Сардарова 28 февр. 2026 17:30

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

26 ақпанда Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

"Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді. Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті Telegram арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", - деді полиция.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove