Щучинсктегі дәмханадағы трагедия: қаза тапқандардың отбасыларының несиесі өтеледі

Сағыныш Сардарова 28 февр. 2026 12:29

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ауданының Щучинск қаласында болған жағдайды жедел штаб мүшелерімен талқылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Азаматтардың қауіпсіздігі сөзсіз басты басымдық болуға тиіс. Осы бағытта қосымша ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданады. Зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеміз", – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Облыс әкімі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ, оқиға себептерін жан-жақты тергеуді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және қауіпсіздік талаптары сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, қаза тапқандардың жақындарына, яғни 6 отбасыға 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілген. Қаза тапқандардың отбасыларына дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төлеген. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 5 отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелмек. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

Еске салайық, "Центр плова" дәмханасында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шығып, салдарынан 28 адам зардап шекті, 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. 13 адам медициналық көмек алып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove