Магеррам Магеррамов: Жаңа Конституция жобасы саяси құқыққа кепілдік береді

Сағыныш Сардарова 28 февр. 2026 15:09

Астанада "Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер" атты партияаралық дебат өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығы саяси себеппен шектелмейтіні нақты жазылғанын айтты.

Оның сөзінше, құжатта адамның көзқарасы, сенімі немесе саяси өмірге қатысуы үшін қысым жасауға тікелей тыйым салынған. Мемлекет саяси ұстанымына бола азаматты жұмыстан шығара алмайды, қоғамдық қызметін шектей алмайды немесе әдейі қолайсыз жағдай жасай алмайды.

Шектеулер тек қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және өзге азаматтардың құқығын қорғау мақсатында, заң бұзылған жағдайда қолданылуы мүмкін. Бұл норма саяси құқықты қорғап, мемлекетке деген сенімді арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove