Құлыбаев бокс федерациясындағы қызметінен кетті

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 20:22 3451

Кәсіпкер Тимур Құлыбаев бокс федерациясындағы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұрын Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болды. Алайда федерация сайтындағы жаңарған деректер Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті лауазымында тек Кеңес Рақышев қалғанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті.

"Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды", - деп жазылған еді ҚБФ хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости