Алматыда қаруды ары-бері сермеп, абайсызда әріптесін өлтіріп алған полицей сотталды

Көркем Алдабергенова 13 февр. 2024 09:45 2438

Алматыда әріптесін абайсызда өлтіріп алған полицей сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы соттарына сілтеп. 

Алмалы аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін (ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі) сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

2023 жылдың жазында сотталушы К. ғимаратты күзету мақсатымен, полициясы департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, белбеуін байлау үшін оны ұстауын К.-дан сұраған. Сотталушы К. өз кезегінде қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың барлық ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермеуге кіріскен. Оның осы әрекеттерінің салдарынан сотталушы абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, полицей сол жерде жан тапсырған.

Қ. өз кінәсін толык мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Прокурор 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот сотталушы К.-ны кінәлі деп танып. ҚК 104-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірді.

Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар сотталушының өз кінәсін мойындауы және оның жас болуы. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости