Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының құпиясөзін адвокатынан басқа ешкімге бермейтінін айтты

Көркем Алдабергенова 18 апр. 2024 16:40 3379

Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының құпиясөзін адвокатынан басқа ешкімге бермейтінін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары құпиясөз ашық айтылса оның ішіндегі жеке ақпараттары тарап кете ме деп қорқатынын жеткізді. 

Жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаев құпиясөзін ашық айтуды талап етті.  

Еске салайық, бұған дейін сот отырысында Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина қайтадан сот залына келіп, Салтанат екеуінің диалогын оқып берген болатын

Диалогтардың бірінде Салтанат Бишімбаев ұйқы бермейтінін айтқан. 

Салтанат: Ол маған ұйқы бермейді, өзі де түнде ұйықтамайды. 

Аида: Сен ұйықтап жатқан кезде ол әрі-бері жүре ме сонда? 

Салтанат: Параноидтық ойлар көп ойлайды. Ашуланады, айғайлайды. Екі күн ұйықтамағанымды айттым. Ол маған "демек сенің маған пысқырғаның бар" дейді. Шынымды айтсам, оны аяймын. Ауру адам. Көмектесуге тырыстым. 

Аида: Әрине. 

Салтанат: Оның кінәсі жоқ та шығар, білмеймін. 

Аида: Осылай туды ма, әлде жүре келе осындай болған адам ба? 

Салтанат: Психиатриялық ауруханада жатып шығуы керек шығар. Бірақ өзімді ойлауым керек. Бала босануға қорқамын. Некемізді тіркегім келмейді. 


Рекомендовать
Последние новости