Қостанайда пара алған лауазымды қызметкерлерге сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 06 дек. 2024 17:17 1367

Қостанайда жемқорлыққа жол берген ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы мен кәсіпкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Антикор қараша айында пара алу сәті түсірілген видеоны жариялаған болатын. Видеода кәсіпкер АШМ комитетінің басшысына 2 миллион 400 мың теңге салынған конвертті кафеде үстел астынан береді. Ал маусым айында, комитет басшысы үшінші тұлға арқылы сол кәсіпкерден 2 миллион теңге алған болатын.

Бұл пара пестицидтерді сатып алу туралы шартқа байланысты берілген. Оның сомасы 78 миллион 125 мың теңгені құраған.

Сот шешімімен АШМ комитетінің төрағасы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, пара берген кәсіпкер 3 жылға сотталды. Екеуі де орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Жалпы сомасы 4,4 миллион теңге пара мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости