Қоршаған ортаны қорғауда Германияның тәжірибесіне жүгінеміз - вице-премьер Скляр

Dalanews 31 авг. 2021 12:55 850

Таяуда Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Германиядағы неміс компанияларының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Үкіметтінің ресми сайтына сілтеме жасап. Германя Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық серіктестерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары екі елдің арасындағы экономикалық байланыс нығайып жаңа кезеңге аяқ басқаны белгілі. Осы ретте Германия Қазақстанның энергетика саласына қомақты инвестиция салған ел ретінде де танымал.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Президент болып сайланғаннан кейін ЕуроОдақ елдеріндегі алғашқы жұмыс сапарын Германиядан бастағаны тегін емес. Сол кезде Президентіміз екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, неміс команияларының энергетика және экологиялық мәселелерді дамытуға уағдаласқан болатын.

Вице-премьер Роман Склярдың неміс компанияларымен онлайын кездесу өткізіп, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобаларды сөз етуіне сол кездегі кездесуде қол жеткізген уағдаластықтар негіз болғанын айта кетуіміз керек.

Онлайн кездесуге Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес мен ГФР-дің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель қатысып, неміс кәсіпорындарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерін сөз етті. Осы ретте онлайн кездесуді немістің әйгілі Siemens, BASF, Henkel, WILO SE, LLP C, Spaarmann, Becker Mining Europe GmbH, Svevind Energy GmbH, Robert Bosch сынды 100-ге жуық компанияларының өкілдері бақылап, Қазақстанмен арадағы экономикалық байланысты нығайтуға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде ҚР Үкіметі Төрағасының орынбасары Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты, орнағанын алға тартты.




Қазіргі таңда Германя өзінің машинақұрастыру саласындағы жетістіктерімен әлем елдерінің назарын аударуда. Осы ретте Германия Қазақстанның шикізаттық емес секторына инвестиция салып отырған көсбасшы ел екенін де айта кеткеніміз жөн. Сол себепті Қазақстан әрқашан Германиямен арадағы саяси-экономикалық байланысты нығайту ісіне баса мән беріп келеді.

Бүгінде елімізде неміс капиталының қатысуымен ірілі-ұсақты 200-ге жуық компания жұмыс істейді. Бұл комапниялар ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Вице-премьер Роман Скляр алдағы уақытта екі ел арасында экономикалық ынтамақтастықты одан ары кеңейтіп, жоғары деңгейге көтеруге Қазақстан Үкіметі мүдделі екенін жеткізді.

Дүниежүзіндегі төртінші экономика саналатан Германияның қазір Қазақстанға инвестиция салған елдердің тізбегінде 12 орынға табан тіреп тұр. Әрине, қуатты экономикаға ие елдің табиғи ресурсқа бай Қазақстанға бұдан да көп инвестиция салатын мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Қазақстан Үкіметі осы бағытта жұмыс істеп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуды көздеп отыр.

– Пандемия екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа біршама салқынын тигізгені жасырын емес. Айталық, мұнай-газ саласындағы экспорты біршама азайды. Бірақ бұл олқылықтың орнын толтыруға болады. Бүгін біздер екі ел арасындағы байланысты қайта жандандыру үшін жүздесіп отырмыз. Алдағы уақытта неміс компаниялары Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырамын. Қазіргі таңда Қазақстанда шетел инвестициясын қорғау және инвесторларды мемлекеттік тұрғыдан қолдау ісіне жоғары деңгейде көңіл бөлінеді, – деді Роман Скляр мырза.

Қазақстан мен Германияның арасындағы экономикалық байланысқа еліміз тәуелсіздікке ие болған кезеңнен бері тоқтаусыз дамып келе жатқаны белгілі. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың өркендеуіне Берлин Еуразиялық клубы да ықпал етіп отырғанын айтуға тиіспіз.

Соңғы 15 жылда Германияның жетекші кәсіпорындары Қазақстан экономикасына 4,2 млрд еуро инвестиция салған. Бұл ретте Германияның Орталық Азия елдеріне салған инвестицияның 85 пайызы Қазақстан нарығына бағытталғанын ескерсек, екі елді арасындағы экономикалық ынтамқатастықтың тамыры тым тереңге кеткенін байқауға болады.


Кездесу соңында Роман Скляр неміс компаниялары климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қалдықтарды жою, Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апатпен күресу, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырыды. Алдағы уақытта тараптар бұл бағытта да жұмыс істеп, ел экономикасын өркендетуге мүдделі.

Қуаныш СМАҒҮЛ

 

Рекомендовать
Последние новости