Қор нарығының капитализациясы 31,5 трлн теңгеге дейін өсті

Кәмшат Тілеухан 24 окт. 2024 17:23 3892

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы талдау орталығының отандық бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы тоғыз айына жасаған шолуы жарияланды. Сонымен бағалы қағаздар нарығындағы биыл көзге ерекше түскен құбылыстар мен қор биржасындағы басты оқиғалар туралы Dalanews.kz сайтынан оқып-біле отырыңыздар.

Аталған кезеңдегі басты тенденциялар:

  • Қатаң ақша-несие саясатына қарамастан, қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша KASE индексі 23,5%-ға, ал AIXQI индексі 12,4%-ға өсті.
  • Жергілікті индекстердің өсімі аталған кезеңдегі теңге жинағы сипатындағы  депозиттердің табысынан сәл-пәл жоғары болды: депозиттердің жылдық табысы 13-16% аралығында болса, ал облигациялар бойынша бұл көрсеткіш 12-20% аралығын қамтыды.
  • Акциялар бағасы корпоративтік табыстар мен дивидендтік төлемдердің артуы, жарияланған корпоративтік және рейтингтік оң болжамдар, сондай-ақ экономикадағы тұрақты жағдай және ақша массасының 16,4%-ға өсімі аясында көтеріле түсті.
  • Сала бойынша қарастырсақ, ең үлкен өсімді банк секторы мен финтех индустриясы, телекоммуникация және мұнай-газ салалары көрсетті.
  • Индекстелген акциялар (KASE + AIX) сауда-саттығының жалпы көлемі 143,2 млрд теңгені құрады, оның 60%-дан астамы үш құралға тиесілі: Air Astana акциялары (сауда-саттық көлемінің 23%-ы), Халық Банкі (15%) және Қазатомөнеркәсіп (11%).
  • Есептілік кезеңінде жаңадан ашылған инвестициялық шоттар саны тағы да артып, инвесторлар жалпы саны 891 мың жаңа шот ашты, ал жекелеген инвесторлардың екінші нарықтағы үлесі жыл басында 43%-да құраса, қыркүйекте 62%-ға дейін жетті.
  • Индекстердің оң динамикасы мен көгілдір фишкалардың артуы аясында қор нарығының капитализациясы 31,5 трлн теңгеге (+17,8%) жетті, бұл ЖІӨ-нің 23,5%-ын құрайды; ал инвестициялық портфельдер басқаруындағы активтер көлемі 1,6 трлн теңгеге (+60,1%) дейін артты, бұл - ЖІӨ-нің 1,1%-ына тең келетін көрсеткіш.
  • Есептілік кезеңде кірістілік қисығы айтарлықтай өзгерді (кіріс қисығы - үш айдан 30 жылға дейін әртүрлі өтеу мерзімдері бойынша облигациялар бойынша кірістілікті көрсететін графикалық иллюстрациялар),  бұл Ұлттық банктің ноттар шығарылымының күрт қысқартуымен (айына 1 ретке дейін), Қаржы министрлігінің эмиссиялық белсенділігінің артуымен (5,4 трлн теңге vs 4,9 трлн теңге 2023 жылдың 9 айында), сондай-ақ базалық мөлшерлеменің (төрт рет төмендетілді ) төмендеуімен байланысты.
  • Сонымен қатар, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жоғары ставкалар резидент еместердің қаражаттарының рекордтық ағынын ынталандырды: олардың инвестициялары 127%-ға, яғни 455 млрд теңгеден 967 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл олардың үлесінің 2,2%-дан 4,0%-ға дейін, демек екі есеге өскенін байқатады.
  • Резидент еместердің қаражат ағыны тәуекелге қарсы жоғары кірістілік нормасына берілген бағаны көрсетеді, бұл ұлттық валютаға қысымды төмендетіп, сыйақы мөлшерлемесін төмендету циклына қайта оралуды меңзейтін факторлардың бірі болуы мүмкін.
  • Қаржылық жағдайлардың салыстырмалы түрде қатаң болуына қарамастан, биржаға орналастырылған корпоративтік облигациялардың көлемі үш есеге жуық артты: 1,3 трлн теңгеден 3,1 трлн теңгеге дейін. Бұл квазимемлекеттік сектор өкілдерінің белсенділігі аясында орын алды: Бәйтерек Ұлттық Холдингі – 440 млрд теңге, Қазақстан тұрақтылық қоры – 247 млрд теңге, Өнеркәсіптік даму қоры  – 240 млрд теңге, Қазақстан даму банкі – 72 млрд теңге, жекелеген екінші деңгейдегі банктер: Bereke Bank – 401 млрд теңге, Halyk Bank – 39 млрд теңге, RBK – 33 млрд теңге, Home Credit – 31 млрд теңге және МҚҰ-лар.

Еліміздің қор нарығы соңғы бес жылдың ішінде төрт жыл қатарынан екі таңбалы өсімді көрсетіп келеді. Бұл, негізінен, компаниялардың қаржылық нәтижелерінің жоғары болуы мен дивидендтік төлемдердің көбеюімен, инвесторлар базасының кеңеюімен, ақша массасының өсуімен, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуімен және әлемдік капитал нарықтарындағы тәуекелдерге деген тәбеттің артуымен байланыстырылады.

"Акция бағаларының жылдамырақ өсуіне байланысты нарықтағы орташа дивидендтік табыстылық 7,4%-дан 4,4%-ға дейін төмендеді. Дегенмен, бағаның өсуі мен дивидендтік кірістілікті ескерсек, жергілікті нарықтағы тәуекел пайдасының нормасы әлі де жоғары болып қала бермек. Ал жыл соңына дейін екі эмитенттің тоқсандық дивидендтер, сондай-ақ тағы екі эмитенттің қосымша дивидендтер төлеуі күтіліп отыр, бұл орташа дивидендтік табыстылықты арттырып, нарықтағы жағымды көңіл-күйді қолдай түседі", — дейді сарапшылар.

Нарықтағы өтімділік ағыны теңге түріндегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне ықпал ете түседі, сондай-ақ төленген дивидендтердің қайта инвестициялануына, тұрғын үй нарығындағы баға өсімінің бәсеңдеуіне, сондай-ақ потенциальды инвесторлар үшін қазіргі жеңілдіктердің сақталуы мен әділ салық салымын енгізілуіне серпін береді.

"Ұлттық валютаны қолдаушы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы резидент еместердің белсенділігі, қараша айындағы тоқсандық салық кезеңі және тұтыну бағаларының айлық индексін (қыркүйек айында 0,4%) қажетті көрсеткішке (0,41%) қайтару үшін, яғни жылдық инфляцияның 5%-дық мақсатты деңгейінен асырмас үшін Ұлттық банктің базалық сыйақы мөлшерлемесін төмендету циклын қайта жаңғыртуына мүмкіндік беруі ықтимал. Айта кетейік, базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша келесі отырыс (29.11) тоқсандық фискалдық кезең (25.11) аяқтала салысымен бірден өткізіледі", — дейді ҚФҚ сарапшылары.


Рекомендовать
Последние новости