«Қоғамдық келсім – Тәуелсіздік қалыптастырған құндылық». ШҚО-да ел бірлігін ұлықтаған лекторий өтті

Dalanews 06 дек. 2021 17:25 1119

Шығыс Қазақстан облысы орталығы Өскемен қаласында ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары, еңбек ұжымдары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері бас қосып, ұлтарылық татулық және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық модельіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үш күнге созылған лекторий барысында шығысқазақстандықтар ұлтаралық татулықты нығайтуға қатысты ойларын ортаға салды. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық штаб мүшелері облыс аумағындағы еңбек ұжымдарымен, білім беру мекемелеріндегі педагог мамандармен және жастармен кездесіп, пікір алмасқанын айта кетуіміз керек.

Бірнеше күнге созылған лекторийдің қортынды жиыны бүгін Өскемен қаласындағы «Достық үйінде» түйінделді.

Алқалы басқосуды ашып, ойын ортаға салған ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчин еліміздегі ұлтаралық татулық мәселесі ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпағанын алға тартты.

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста бірқатар еуропалық саясаттанушылар Қазақстан өзінің тәуелсіздігін сақтай алмауы мүмкін, өйткені республикада 130 астам ұлттың өкілдері өмір сүреді, олардың арасында дүрдараздық туындауы ықтимал деп ой айтқан-ды.

Бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында көпұлттылық еліміздің негізгі құндылықтарына айналып, ортақ мақсатқа ұйысып, Қазақстан өзінің жолын қалыптастырғаны белгілі.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елімізде жаңа экономикалық жүйенің іргетасы қаланып, қазақстандықтардың өмір сүру стандарттары үлкен өзгерісті бастан кешті. Ел азаматтары ұлатарлық және конфессияаралық келсімдердің маңызын жете түсінгенін атап айтуға болады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 105 ұлт пен 13 конфессияның өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бүгінде «Достық үйінде» өзге ұлт өкілдері өз ойларын айтып, тың басамаларын ұсынып келеді. Қазақстанның ұлтаралық татулықтың алтын бесігіне айналуына Қазақстанның Тұңғыш Президенті, көрегенді саясаткер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі зор, – деп атап өтті Азамат Мұхамедчин.


Алқалы басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева да Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның көпұлтты саясатының жемісті болуының сырмен бөлісіп, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тоқсаныншы жылдары қазақ жерін мекендеген өзге ұлт өкілдерінің ұлты мен дініне қарап бөлмей барша ел азаматтарының құқының сақталуына және елімізде толеранттылықтың салтанат құруына бар күш-қайратын жұмсағанын тілге тиек етті.

– Бүгінде қасиетті қазақ жерінде тағдыр қосқан көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Біз әртүрлі болғанымызбен құндылығымыз ортақ. Басты құндылығымыз – ұлтаралық татулық пен қоғамдық келсім ортақ Отанымыз Қазақстанды биік белестерге бастап келеді. Қазір жыл өткен сайын мемлекеттік тілде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің саны артуда. Қазақ тілін меңгеру үшін ең бастысы ниет қажет. Ал мүмкіндіктің бәрін мемлекет жасап қойған, –  деді Наталья Дементьева.

Жиын барысында сөз алған Мәжіліс депутаты Ольга Булавкина да қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та ел өмірінде ұлтаралық татулықты сақтауға баса мән беріп, бұл бағатты жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

Осылайша Шығыс Қазақстанда өткен республикалық лекторий барысында оған қатысушылар ұлтарылық татулықты сақтаудың мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін алға тартып, өз ойларын ортаға салды.

Рекомендовать
Последние новости