Қызылорда облысында жерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда. Биыл 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған болса, қазірдің өзінде оның 43 мың гектары қайтарылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысымен өңірде 77,5 мың гектар жер мемлекетке алынды.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022–2024 жылдар аралығында облыста жалпы 460,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді, — делінген басқарма хабарламасында.
Статистикалық дерекке сәйкес, Қызылорда облысының жалпы жер көлемі 24,1 млн гектарды құрайды. Оның ішінде 2,9 млн гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған.