Ондаған есірткі алқабы табылды: Қазақстанда есірткіге қарсы ірі операция нәтижелері жарияланды

Қаракөз Амантай 09 сент. 2025 11:15

Ішкі істер министрлігі "Заң және тәртіп" қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы ірі жедел-профилактикалық шара жүргізуде. "Қарасора-2025" операциясының басты мақсаты – есірткі өсімдіктерінің табиғи ошақтары мен жасырын егістіктерін жою, зертханалардың қызметін тоқтату және ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Науқанға ІІМ-нің арнайы жасақтары мен Ұлттық ұлан сарбаздары тартылды. Жедел әрекеттерде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар қолданылып, үш ай ішінде 40 әуе рейді жасалды. Соның нәтижесінде:

  • 20 есірткі алқабы анықталды;

  • 5 мыңнан астам өсімдік жойылды;

  • 1 тоннадан артық заңсыз өнім тәркіленді.

Өңірлер бойынша да ауқымды нәтижелер бар. Мәселен, Ұлытау облысында оңтүстіктен есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталып, одан 103 келі марихуана мен қару-жарақ табылды. Жамбылда 206 келі есірткі дайындаған екі азамат ұсталды. БҚО-да жылыжайдан 135 келі қарасора, Түркістанда 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр алынды. Ал Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында заңсыз тасымалданған 43 тонна көкнәр анықталды.

"Қарасора-2025" аясында:

  • 677 қылмыстық іс тіркелді (оның ішінде 242 – сату, 220 – заңсыз егіс);

  • 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетика және 8,5 тонна прекурсор тәркіленді;

  • 27 мыңнан астам өсімдік жойылды;

  • 9 зертхана мен 3 ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды (соның ішінде біреуі трансұлттық).


Рекомендовать
Последние новости