Қытайдың Цинхай провинциясы Алматының туристік тәжірибесіне қызығушылық танытты

Ақтоты Жапатова 07 авг. 2025 13:07

Алматы қаласы Туризм басқармасы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының өкілдері Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясынан келген делегациямен кездесіп, туристік және тау инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл сапар туристік және таулы инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік байланыс орнату мен тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚХР-дың солтүстік-батысында орналасқан Цинхай провинциясы көркем табиғатымен, биік таулы аймақтарымен және бай мәдени мұрасымен ерекшеленетін туристік әлеуеті зор өңір. Қытай тарапы Қазақстанның, атап айтқанда, тау шаңғы курорттарын құру мен жаңғырту бағытындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.

Цинхай делегациясына Алматының негізгі туристік инфрақұрылым нысандары – «Шымбұлақ», жыл бойы жұмыс істейтін «OI-Qaragai» курорты, сондай-ақ «Медеу» спорт кешені таныстырылды.

Қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова Алматының елдегі ең ірі туристік орталық ретінде жыл он екі бойы тау туризміне мол мүмкіндік ұсынатынын атап өтті.

Қытай делегациясы қазақстандық тарапты 27 тамызда Алматыда өтетін экономикалық және туристік ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды. Бұл екі өңір арасындағы туризм саласында өзара серіктестік орнатуға, сондай-ақ экотуризм, белсенді демалыс пен қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.


Рекомендовать
Последние новости