Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандықтардың денелері елге жеткізілді

Сағыныш Сардарова 01 июл. 2024 09:52 3930

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар. ШҚО әкімдігі мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған.

"Бүгін қаза тапқандардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметінің мамандары жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада. 

Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен "Халифа Алтай" мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. 

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.


Рекомендовать
Последние новости