Қып-қызыл СПАМ нөмірлер неге қоймай қоңырау шала береді

Кәмшат Тілеухан 19 дек. 2024 13:55 928

Олардың мақсаты – аудио дерек жинау. Яғни, оларға Сіздің дауысыңыз керек. Суретіңізді немесе видеоңызды, желіқұмар біреу болсаңыз, сол арадан оп-оңай ала салады. Содан кейін оны жасанды интеллектіге салып өңдейді, деп жазады Dalanews.kz.

Ал жасанды интеллект жасаған сапасы онша емес, бірақ шынайы Сізге келетін бір немесе бірнеше минуттық таспаны, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар түпкілікті бірнеше мақсатына қолдануы мүмкін екендігін ескертеді.

Атап айтқанда:

  • банктік шотқа қол жеткізіп, ондағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырады. Сонымен қатар, сіздің атыңыздан кредит ресімдеу үшін фотоңызды жасанды интеллект көмегімен жасап шығады;
  • қайтыс болған адамның деректерін ұрлап, банктік онлайн-қызметтерге және т.б. қол жеткізу үшін оған "жан бітіре" алады.

Бірер мысал.

  • Танымал тұлғаларды пайдалану (жасанды зерде көмегімен жасалған, нақтысында олар да зардап шегуші) арқылы жарнама жасау. Мақсаты – жоқ нәрседен ақша жасау.
  • Сіз ұдайы қолданатын сайттың фейкін құра қою. Мақсаты - сол арқылы Сіздің ұялы телефоныңызға еніп, жеке деректерге қол жеткізу.

Дипфейктерді қолданатын киберқылмыскерлерге қарсы күрестің негізгі тәсілі – пайдаланушылардың осындай схемасы туралы хабардар болу және цифрлық гигиенаны сақтау.


Рекомендовать
Последние новости