"ҚазМұнайГаз" Болгариядағы "Лукойлға" тиесілі МӨЗ-ді сатып алуға ниетті

Кәмшат Тілеухан 08 янв. 2025 10:58 580

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Болгарияның Бургас қаласындағы ресейлік "Лукойлға" тиесілі мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) сатып алуға ниетті, деп жазады Dalanews.kz.

Lukoil Neftohim Burgas AD-тың басты акционері Litasco SA және онымен байланысты компания бірнеше компания ұсыныстарын қабыл алып үлгергені, олардың арасында "ҚазМұнайГаз" да бары белгілі, деп жазады Bloomberg өз дереккөзіне сілтеме жасап.  

"Компания әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай трейдері және Қазақстандағы ірі ойыншы Vitol Group–пен әлеуетті сатып алушыны қаржыландыру мәселесін талқылауда", - делінген басылым хабарламасында.

Бұл арадағы баға 1 млрд доллар төңірегінде сөз етілуде.

Бұл зауытты сатып алудан мажарлық Mol Nyrt компаниясы да үмітті.

2024 жылы қарашада Financial Times ҚМГ-ны Бургастағы зауытты сатып алғысы келетіндер қатарына жатқазыған, алайда америкалық басылым бұл ретте қатар-британ консорциумына енетін Oryx Global фирмасы мен DL Hudson сауда үйінің мүмкіндігі жоғары екенін атап көрсеткен. 

Бұған дейін сайтымызда "ҚазМұнайГаз" бен "Бәйтерекке" қатысты тексеріс қашан аяқталады" деген мақала жарияланған.


Рекомендовать
Последние новости