Қазір отандық көлік құрастырушылар үшін қолайлы өте кезең

Жарбол Кентұлы 11 сент. 2024 04:55 905

Қазір көлік құрастыру саласы қарқынды дамып келеді. Жалпы бұл әлемдегі орын алып жатқан тенденция десек болады. Іргендей көршіміз Қытай темір тұлпардың жеті атасын құрастырып, әлемдік нарықты жауалап жатыр. Оның жағымды әсері бізге де тиіп жатыр десек болады. Қазақстан да осы тенденциядан қалып кетпей машина құрастыру саласына ден қойып, аталған саланың бойына қан жүгірте бастады. Осы ретте көлік құрастыру саласын мемлекет  индустриялды-инновациялық даму стратегиясы аясында қолдап отығанын ескерте кетуіміз керек.

Қазақстан билігі көлік құрастыру саласын қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар мен жеңілдіктер ұсынып келеді. Айталық, «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен Индустрияландыру картасы аясында көлік құрастыру саласына ерекше назар аударылған болатын. Ең бастысы қазір Үкімет ішкі нарықты қорғау үшін импортты алмастыру саясатын белсенді жүргізіп отыр. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай туғызып, көлік құрастыру саласының аяққа тұрып кетуіне жол ашуда.

Соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше ірі автокөлік құрастыру зауыттары пайда болып, экономиканың күре тамыра қан жүре бастады. Бұл ретте ауызға бірінші кезекте Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром», Өскемендегі «Азия Авто» зауыттары бірден ілігетіні белгілі. Өйткені аталған компаниялар елеміздің машина құрастыру саласында көшбасшылары болып табылады. Аталмыш компаниялар әлемдік брендтермен, атап айтқанда, Hyundai, Kia, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автокөлік компанияларымен ынтымақтасып, Қазақстанда құрастырылған көліктерді  жұртшылыққа ұсынып келеді.

Соңғы уақытта біз сөз етіп отырған саланың дамуына шетелдік инвестициялар мен серіктестік келісімдері де айрықша ықпал етіп отырғанын айтуға тиіспіз. Әңгіменің ашығын айтсақ, Қазақстанның көлік құрастыру саласы Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропа елдерімен ынтымақтастық арқылы даму үстінде. Біздің бұл сөзімізге Қостанайдағы зауытқа шетелдік қомақты инвестицияның тартылып, өндіріс қуатын арттырғаны айқын мысал бола алады.

Мамандардың ой-пікіріне құлақ астын болсақ, елімізде автокөліктерге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Әсіресе, отандық өндірілген автокөліктерге сұраныс жоғары екен. Бұдан соңғы жылдары Үкіметтің қабылдаған шешімдері саланың дамып, ішкі тұтынушылық нарықтың кеңеюіне жол ашқанын байқаймыз. Сонымен қатар, автокөліктердің бағасының қолжетімділігі мен мемлекеттің субсидиялау бағдарламалары да сұранысты ынталандыра түскенін айтпай кетуіге болмайды.

Қазақстанда құрастырылған автокөліктер тек ішкі нарықта ғана сатылып қоймай, көршілес Ресей мен Орталық Азия елдеріне кеңінен саудалануда. Бұл экспорттық бағыт саланың дамуына қосымша серпін береді.

Соңғы жылдары елімізде электромобильдер өндірісіне де көңіл тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Болашақта көлік құрастыру саласындағы бұл бағыттың қарқынды дамитыны анық. Қазір әлемде жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық таза көліктерге сұраныстың артуына байланысты, қазақ елі де көлік өндірісінің экологиялық аспектілеріне жете мән беріп, бұл бағытта өзіне тиесілі нарықты қалыптастыруға күш салуы керек. Өйткені электромобильдер болашақтың көлігі екені белгілі. Бұл тенденциядан қалмауымыз керек.

Көлік саласының сарапшы маманы Олжас Оқастың ойынша қазір Қазақстандағы көлік құрастыру саласы мемлекеттік қолдау, шетелдік инвестициялар мен технологиялар есебімен жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта саланың бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз кеңейіп, қуатты өндіріс орындары пайда болады деп үміттенеміз.  

Соңғы жылдары көлік мәселесін сөз еткені утильалым мәселесі де әңгімеге арқау болуы әдетке айналғаны жасырын емес. Әлімдік іс-тәжірибеге назар аударсақ, утилизациялық алым көлік құрастыру және автокөлік нарығының дамуына елеулі әсер ететінін байқаймыз. Бірақ кез келген жаңа дүниені қоғам жатырқап қыблдайтыны жасырын емес. Кезінде көлікті пен адам денсаулығын сақтандыру жүйесі енгізілген кезде де көпшілік оны бірден қолдай кетпегені есімізді. Ал қазір кез келген адам көлік алса, бірінші кезекте барып сақтандыратынын білеміз. Сол сияқты кез келген адамның еңбекақысынан аз мөлшерде міндетті медициналық сақтандыру саласына жарна аударып отыруға әдеттендік. Алдағы уақытта утильалым да осында қалыпты дүниеге айналып, одан түскен қомақты қаржат отандық көлік өндірісіне инвестиция ретінде салынатын болады.

Бүгінде ел азаматтарының басым бөлігі утильалым автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін және олардың утилизациясын қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін түсініп келеді. Утильалымның енгізілуі экологиялық таза көліктердің үлесін арттыруға ықпал еткенін қала көшелерінде электрлі көліктердің пайда болуынан байқаймыз. Ендігі кезекте көлік утилизациясы мәселелері назарға алынып, ескі көліктерді қайта өңдеу мәдениеті қалыптастыру маңызды міндет болып тұр. Бұл қоршаған ортаны қорғау мақсатында маңызды қадам.

Бұдан басқа импортталған автокөліктерге салынатын утильалым жергілікті көлік құрастыру саласына жағымды әсер ететін ұмытпауымыз керек. Шетелдік көліктерге қойылған қосымша алымдар отандық өндіріс үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыры сөзсіз. Бұл – Қазақстандағы автокөлік зауыттарының өндірістік қуаттарын ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Бүгінде утильалымнан түскен қаражат мемлекеттік бюджетке түсіп, экологиялық жобаларды қаржыландыруға және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жаңа бағдарламаларды іске асыруға бағытталып жатыр. Осылайша утильалымның еліміз үшін пайдалы тұстары көп екенін байқауға болады.

Қазіргі таңда утильалымның мөлшерлемесі мен оны қолдану саясаты қайта қаралып, тұтынушылар үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған қадамдар жасалғанын білеміз.

Қазақстандағы көлік құрастыру өндірісі соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. 2023 жылғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 100 мыңнан астам көлік құрастырылған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары біртіндеп артып отыр, ал елдегі автокөлік өндірісінің негізгі орталықтары ретінде Қостанай мен Өскемен қалалары танымал.


Рекомендовать
Последние новости