"Аса көп ақша, аса күшті билікті халық жеңуге болатынын бүгін көрдім. Халық қандай күшті екендігін сездіріп шыдады. Моңғолдар оянды құра құра құрал!"
Бұл кешегі екінші қайта сайлауда жеңіске жеткен моңғол палуаны, Халтманың ұлы Баттулғаның сөзі. Шыңғыс қағанға арналған осынау алып ескерткішті осы Баттулға өз қаражатымен, кәрістің аса сапалы құрышымен тұрғызған. Жеңіс құтты болсын! Баттулға демократия қарлығашы!" – дейді Моңғолияда туып-өскен қазақ ақыны.
Ал біз болсақ "Шыңғысхан моңғол емес, қазақ..." деп бітпес даудың соңында жүрміз. Арыдағы Шыңғысханды айтпаған күннің өзінде берідегі Қазақ хандығының іргетасын қалаған Жәнібек пен Керейге жөндемді ескерткіш тұрғыза алмай жүргенімізде, тарихшылардың Шыңғысханда несі бар? Анау бір жылы Астанада Жәнібек пен Керейдің ескертікішін көрнекті жерге қоя алмай біраз дауласқанымыз және бер. Егер қоғам тарапынан үлкен қарсылық болмағанда Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ескерткіші қала сыртында қалар ма еді, кім білсін? Тегеурінді күрестің арқасында қос хан Астанадан орын тапқанын халық ұмыта қойған жоқ.

Ұлты мен тілінен жеріген біздің кәсіпкерлер Көктөбенің төбесіне "Битлз" тобына ескерткіш орнатып мақтанғанын білеміз. Ал өздерінің ата-бабаларына ескерткіш қоямыз деп бастама көтерсең, таппай қаласың.

Нұрлан ЖҰМАХАН