Пара алған тағы бір шенді ұсталды (видео)

Dalanews 17 июл. 2017 11:53 1059

Алматыда ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Биыл 13 шілдеде Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың АҚШ долларын құны 12 миллион АҚШ доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ" бас директоры Т.Т.Сексенбаевті ұстады", - делінген хабарламада. Параның жалпы сомасы - 100 мың АҚШ доллары болған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=4Wu3184SsWY

Рекомендовать
Последние новости