Қазақстандықтардың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдаған

Көркем Алдабергенова 07 окт. 2024 08:57 4070

7 қазанға қараған түні АЭС құрылысына қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында "Социс-А" институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев exit-poll нәтижесін жария етті.

"СОЦИС-А" "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2%-ы қарсы шықты.

Ал Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit-poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3%-ы АЭС салуға келісім берген, 27,7%-ы қолдамаған.

АЭС бойынша референдум 6 қазан, жексенбі күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87%-ы, 7 820 918 адам дауыс берді.


Рекомендовать
Последние новости