Қазақстандықтар әскерде мүгедек болып қалған сарбазға 140 млн жинап берді

Көркем Алдабергенова 22 авг. 2024 17:00 1457

Қазақстандықтар әскерде мүгедек болып қалған сарбаз Ербаян Мұхтарға 140 млн жинап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Ербаянның жақындары сарбазға ашылған парақшада хабарлады. Ербаянның жақындары ақша жинауды тоқтама ма, әлде жоқ па әзірге белгісіз. Себебі сарбазды шетелге жеткізу үшін қажет санавиация 25-60 миллион аралығында ақша сұрауы мүмкін. 

Оның үстіне сарбаз әлі қанша уақыт ем қабылдап жататыны да, клиника қанша сома сұрайтыны белгісіз.  

Әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі сарбаздың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын. 

Ұлттық ұланның хабарлауынша, қатардағы Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабы 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында. Қатардағы жауынгер Е.Мұхтардың ата-анасының талабы бойынша оңалту ем-шаралары аяқталғаннан кейін үйіне шығарылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп оған мүгедектікті ресімдеу бойынша көмек көрсетеді", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Ресей Федерациясының В. М. Бехтерева атындағы психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығына, С. М. Киров атындағы Әскери-медициналық Академиясына және Профессор А. Л. Поленов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу нейрохирургиялық институтына, сондай-ақ консультациялық көмек беру және ауруханаға жатқызу мәселесін қарастыру үшін Түркия елшілігіне хат жолдағаны белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости