Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлады Dalanews.kz.
Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.
Екінші орында – аустриялық Никки Хамл, үшінші сатыда – польшалық Лукас Лукащук.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін жасөспірімдер қысқы Олимпиадасында алтын медаль алмаған.
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Қысқы ойындарға 78 елден келген 1900-ге жуық спортшы қатыспақ. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша (9 дисциплина) 41 спортшы қорғайды.
Сурет: Olympic.kz