Қазақстандық белсенді Chevron компаниясымен келісімді ұзартуға қарсы шықты

Көркем Алдабергенова 24 сент. 2025 10:40

Қазақстандық белсенді Эльмар Хусаинов Facebook парақшасында АҚШ-тың мұнай-газ алыбы Chevron компаниясымен Теңіз кен орнын игеру жөніндегі келісімді ұзартуға қарсы пікірін білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хусаинов Chevron Теңіз бойынша келісімді ұзартпақ екенін, оның қажеті жоқ деп ойлаймын, онсыз да экологияны құртып, тонап біткенін айтты. 

Хусаинов өзінің жазбасында Bloomberg агенттігінің мәліметін келтірді. Басылымның хабарлауынша, Chevron корпорациясының бас директоры Майк Вирт Теңіз бойынша концессия мерзімін ұзартуды басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде атаған. Қазіргі келісімшарттың мерзімі 2033 жылы аяқталады.

Bloomberg дерегінше, Вирт алдағы жылдарға үш негізгі басымдықты белгілеген:

корпоративтік мәдениетті қайта құру мен трансформацияны аяқтау,

Hess компаниясын интеграциялау,

Қазақстандағы Теңіз кен орны бойынша концессияны ұзарту.

Chevron басшысы Қазақстан үкіметімен келіссөздер басталғанын мәлімдеп, процесті жеке өзі аяқтағысы келетінін жеткізді.

«Ғасыр мәмілесі» және корпорацияның жоспары

Теңіз кен орнына қатысты бастапқы 40 жылдық келісім 1994 жылы жасалған болатын. Ол «ғасыр келісімі» деп аталып, америкалық корпорацияға посткеңестік кеңістіктегі ең ірі мұнай қорларына қол жеткізуге мүмкіндік берген.

Bloomberg жазуынша, келісімді ұзарту компанияның болашақ стратегиясы үшін шешуші қадам саналады. Hess активтерін алу және Теңіздегі өндірісті кеңейту арқылы Chevron әлемдік энергетикалық нарықтағы ықпалын күшейтіп, мұнай-газ саласының көшбасшылары қатарында қалуды көздеп отыр.

Қаржылық көрсеткіштері мықты

Сарапшылардың айтуынша, мұнай мен газ бағасының төмендеуіне қарамастан, Chevron тұрақты өсім көрсетуде. Соңғы бір жылда компанияның акциялары 13 пайызға қымбаттап, көптеген бәсекелестерін басып озды. 2024 жылы корпорация шамамен 15 млрд доллар бос ақша ағынын қалыптастырса, биыл бұл көрсеткіш 17 млрд долларға жетеді деп болжануда.


Рекомендовать
Последние новости