Қазақстанда қорқорды қоғамдық жерде пайлануға қайтадан рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл мәселе ведомстволар арасындағы жұмыс топтарында талқыланып жатыр.
Оның сөзінше, диалог үкімет деңгейінде де, парламенттің жұмыс топтарында да жүргізілуде. Бірқатар жеңілдету нұсқалары қарастырылуда: кальян жабдығын әкелуге рұқсат беру, рұқсат етілетін орындардың тізімін нақтылау және қолдану уақытын реттеу мүмкіндігі.
Әділов қорқорға қатысты мәселе қаралып жатқанын атап өтті. Ал вейптерге келсек, ешқандай өзгеріс жоспарланбаған - оларға тыйым толық күшінде қалады.
Қазақстанда қоғамдық орындарда қорқор шегуге 2020 жылдан бері тыйым салынған.
