Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеді: бұл бағытта елімізде қандай шаралар атқарылды?

Dalanews 19 апр. 2023 16:12 1105

Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл осы бағыттағы биліктің қабылдаған іс-шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру департаментінің басшысы Жансерік Бейсенов жауапты мекемелердің қылмыспен қалай күресіп жатқаны, сондай-ақ еліміздегі құқықтық статистика туралы айтып берді.

– Статистикаға сәйкес, 2023 жылдың екі айында қылмыс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға төмендеген. Сотқа дейінгі тергеулердің басым бөлігі Алматы (4676) және Астана (3295), Шымкент (1136) қалаларына, Алматы (1974), Қарағанды (1651), Ақтөбе (1196), Түркістан (1133) және Қостанай (1126) облыстарында тіркелген, – деді құқықтық ақпаратты қалыптастыру департаментінің басшысы Жансерік Бейсенов.

Елімізде 10 мың адамға шаққанда құқық бұзушылық деңгейі 82 қылмысты құраған. Өңірлер бойынша 10 мың адамға шаққандағы қылмыстың жоғары көрсеткіші Атырау (10 мың тұрғынға 94 құқық бұзушылық), Қарағанды (90), Солтүстік Қазақстан (88), Қостанай (84) облыстарында тіркелген. 10 мың адамға шаққандағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейін ескере отырып, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы қылмыс туралы ақпарат талданды. Қылмыстық оқиғалар ең көп орын алатын қалаларға Талдықорған (10 мың адамға 172 құқық бұзушылық), Астана (151), Петропавл (146), Көкшетау (143), Қостанай (136) және Алматы (134) жатады.

Сондай-ақ прокуратура өкілі комитеттің электронды форматтағы порталы арқылы қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ немесе телефон нөміріне SMS растау арқылы қол қойып, полицияға өтініш беруге болатынын атап өтті. Бұл цифрлық даму қазақстандықтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар «Құқық бұзушылық туралы арыздың тіркелуін тексеру» бөлімінде арызды қабылдау кезінде құқық қорғау органдары берген талон нөмірін көрсете отырып немесе ЖСН арқылы өтініштің қай кезеңде қаралып жатқанын және нәтижесін көруге болады. Тіпті, арыздағы мәліметтер талон алған сәттен бастап 24 сағат ішінде тексеріле бастайды. Азаматтың өтінішінің қаралу мәртебесін оның қай аймақта берілгеніне қарамастан, полициядан немесе комитеттің сайтынан тексеруге болады.

– Құқықтық ақпарат алудың ыңғайлы жолы да әзірленді. Өтініштердің ең көп саны қылмыс және басқа да құқықтық мәселелер бойынша толық және сенімді статистиканы қажет ететін азаматтардан – мемлекеттік органдардан, студенттерден, магистранттардан, БАҚ өкілдерінен, ғылым саласынан түседі. Осы мақсатта Құқықтық статистика қызметі әзірленді, – деп түсіндірді Жансерік Бейсенов.


Еліміздегі қылмыстың жай-күйін, тіркелген жол-көлік оқиғаларын, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты комитет порталында да орналастырылған географиялық ақпараттық карталар арқылы білуге болады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын пайдалану кезінде Қазақстан азаматы аумақтық қамту, уақыт кезеңі және Қылмыстық кодекстің жекелеген баптары бойынша құқық бұзушылықтар туралы статистикалық ақпаратты да ала алады.

Прокуратура өкілінің айтуынша, картада жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат полиция қызметкерлері ERDR ақпараттық жүйесінде құқық бұзушылықтың орны туралы қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін автоматты түрде көрсетіледі. Өңірдегі қылмыстың динамикасын көрсететін статистиканың кез келген бөлімін де бөлек ашып, қарауға болады. Бұл қай облыстар, қалалар мен аудандардың қылмыстылығы жоғары екенін талдауға мүмкіндік береді.

– Карта қылмыстық әрекеттің ошақтарын анықтауға, жинақталу мекенжайларын білуге, жан-жақты талдау жүргізуге ықпал етеді. Осылайша, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша күштер мен құралдарды ұтымды үйлестіруді қамтамасыз етуге болады, – деп қосты ол.

Сондай-ақ, комитеттің және оның аумақтық органдарының ақпараттық-анықтамалық қызметі қылмысқа, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік тудыратынын білген жөн. Бұл республиканың барлық мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді. Сонымен қатар, терроризмнің, экстремизмнің, трансшекаралық және халықаралық қылмыстың, адам саудасы мен заңсыз көші-қонның көріністеріне қарсы күресті ұйымдастыруға септеседі. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзге де өзекті мәселелерін талдауға болады.

 

➡️  Қазақстанға соғыстан бас сауғалап қашып келген якут әншісі Путинді сойып салды... Толық ақпарат сілтемеде:

https://t.me/dalainside/1280

https://dalanews.kz/aimak/88328-turkistan-oblysynda-soltustik-ongirl

https://dalanews.kz/del-qazir/88294-biz-manggurt-ekenbiz-qazaqstanga-qash

 

https://dalanews.kz/suranys/88289-alemde-ayes-salu-qaytadan-qarqyn-aldy

Рекомендовать
Последние новости