Әлемде АЭС салу қайтадан қарқын алды

Dalanews 20 апр. 2023 02:45 1394

Бүгінде Атом энергетикасын дамыту дүниежіүзі елдері арасында қайтадан трендке айналғандай... Бұған атом энергетикасын дамытудағы технологиялардың дамыған себепші болғаны анық.

Керек десеңіз, атом энрегтикасына асқан кірпияздықпен қарап келген ЕуроОдақтың өзі энергетика саласына қатысты жаңа директивтеріне атом энергетикасын экологиялық таза энергия көзіне жатқызып, кәрі құрлықта АЭС салуға ұмтылған елдерге қолдау көрсетіп, субсия бөлуді қолға алды.

Олардың атом энергетикасына бұлайша іш тартудың өзіндік себептері бар. Айталық, 60 тонна мұнай мен 100 тонна жоғары сұрыпты көмір жағып өндірген энергияны АЭС-те 1 келі уран жұмсап өндіруге болады.


Осыдан-ақ, атом энергетикасының қоршаған орта үшін қаншалықты пайда екенін байқаймыз.

Бұдан басқа 60 тонна мазут пен 100 тонна көмірді бір жерден екінші жерге тасудың өзіне қаншалықты шығын кетеді десеңізші? Осыны есепке алған Батыс елдері атом энергетикасының экономикалық, экологиялық тұрғыдан аса пайдалы екенін басшылаққа алып, ЕуроОдақ АЭС салған елдерге қаржылай қолдау көрсетуге көшті.

Адамзат баласы атом энергетикасы бойынша үлкен масштабта қуат көзін өндіре бастағанына 50 жылдан асты. Міне, осы уақыт аралығында жершарында жұмыс істеп тұрған АЭС-тер 55 млрд тонна көмірқышқыл газының қоршаған ортаға таралмауына ықпал еткенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Бұл – дүниежүзіндегі энергетикалық нысандардың екі жыл қатарынан атмасфераға шырғатын СО2 тең келеді.

Сонымен қатар АЭС қандай ауа-райы болса да адам баласының тұрақты түрде электр қуатына қаматамасыз ететін нысан болып тұр.

Бүгінде ЕуроОдақ елдері АЭС салуға барынша қолдау танытып жатса, АҚШ биыл жыл аяғына дейін Джорджия мен Теннесси штатындағы «Вогтль» және «Уоттс Бар» АЭС-теріне қосымша бір-бір реакторды іске қосып, қуат көзін өндіруді еселемекші.

АҚШ аталған АЭС-тердің жанынан қосымша реакторларды салудың 1973 жылдары бастаған еді. Бірақ 80 жылдары АҚШ-та қуат көзіне деген сұраныс азайған соң, жаңа реакторлардың құрылысы тоқтап қалған-ды.

Тек 2007 жылы қос реактордың құрылыса қайтадан қарын алған болатын. Биыл сол екі энергтикалық блок пайдалануға берілмекші. Енді АҚШ-та жұмыс істеп тұрған реакторлардың саны 94 жетіп, атом энергетикасынан өндірілетін қуат көзінің үлесі 97 ГВт-қа жететін болады.


Қазір АҚШ әлемде атом энергетикасына арқа сүйегін жетекші ел деген атын сақтап тұр.

Алдағы уақытта Қазақстан да өзінің алғашқы АЭС-ін салып, болашақта орын алатын қуат көзіне деген мұқтаждықтан құтылуды көздеп отыр. Бүгінде Үкімет АЭС салу ісін кезең-кезеңімен пысықтап жатыр.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Рекомендовать
Последние новости