Қазақстанда лауазымды тұлғалардың кірістерін декларациялау ережесі қайта қаралады

Кәмшат Тілеухан 24 сент. 2025 09:47

Қазақстанда лауазымды тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау қағидаларына өзгерістер енгізетін қаулы жобасы әзірленді. Құжаттағы өзгерістерге Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамашы болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жобаға сәйкес,мынандай өзгерістер ұсынылады:

  • лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің қайталануын болдырмау;
  • декларацияларды өзгерістер енгізілген жағдайда ғана жариялау.

Құжатты әзірлеуге ыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабының 9-тармағы негіз болды.

Жоба қоғамдық талқы үшін 2025 жылғы 8 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталына орналастырылды.

Айта кетсек, Жалпыға бірдей декларациялау шарасы аясында жеке тұлғалар үшін декларацияның екі түрі қарастырылады:

  • активтер мен міндеттемелер туралы-250.00-нысан (жүйеге кірген кезде бір рет тапсырылады, жинақталған активтерді тіркейді);
  • 270.00 нысан  кірістер мен мүліктер туралы (жыл сайын).
 

 


Рекомендовать
Последние новости