Қазақстанда жұмыс іздеушілердің жалақыға деген үміті мен жұмыс берушілер ұсынған айлық арасында үлкен айырмашылық бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазан айында еңбек нарығы тұрақты болғанымен, жалақы бойынша теңсіздік сақталып келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрліктің дерегінше, ең көп ізденіс тудырған мамандықтар: тәрбиешілер, бухгалтерлер және математика пәнінің мұғалімдері. Ал жұмысшы саласында қазандық операторлары, медбикелер және егін шаруашылығындағы мамандар сұранысқа ие.
Жұмыс берушілердің ең жоғары ұсынған айлығы шамамен 1 миллион теңге шамасында. Мұндай жалақы көбіне өндіріс орынбасарларына, компьютерлік ойын дизайнерлеріне және омбудсмендерге төленеді.
Ал жұмыс іздеушілердің жалақыға деген талабы бұдан әлдеқайда жоғары. Мәселен, ұшқыштар – 2,8 млн теңге, кеншілер – 2 млн теңге, ал топ-менеджерлер – 1,8 млн теңге еңбекақы күтеді.
Мамандардың айтуынша, бұл айырмашылық әсіресе басқару және техникалық бағыттарда қатты байқалып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылған еді.
Бүгін Парламент Мәжілісінде премьер-министр Олжас Бектенов және Үкімет мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтіп жатыр.
Негізгі тақырып - 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, Астана бюджеттерінің арасындағы осы жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары.
2025 жылы Қазақстанда ЕТЖ көлемі - 85 мың теңге. Енді ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.
