Қазақстанда жүк көлігі мен тепловоз соқтығысып, пойыздар кешікті

Сағыныш Сардарова 08 авг. 2025 09:41

Қазақстанда жүк көлігі мен тепловоз соқтығысып, пойыздар кешікті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қызылсай-Шымкент өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты. Жол апаты пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен. 

Оқиға 8 тамызда сағат 04:30-да болған. HOWO көлігі тепловозбен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.

"Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Жол апаты қозғалыс кестесіне әсер етті, үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 07:18-де учаскедегі қозғалыс толықтай қалпына келтірілді", - деп жазылған хабарламада.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырды.

 


Рекомендовать
Последние новости