Қазақстанда бейрезиденттердің банк картасының қолданыс мерзімі бір жылмен шектелетін болды

Кәмшат Тілеухан 14 янв. 2025 16:16 412

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бейрезиденттердің төлем карточкаларының қолданыс мерзімін бір жылға ғана жарамды ететін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізді, деп жазады Dalanews.kz.

Оған сәйкес, есірткі құралдарының және цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарға және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына мынадай түзетулер енгізілді:

қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтауды автоматтандыру бойынша банктерге:

  1. есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және (немесе) транзитімен;
  2. тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырумен;
  3. электрондық казино мен интернет-казиноның пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты қойылатын талаптар белгіленді.
  • Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін төлем карточкаларының қолданыс мерзімі бойынша 12 ай шектеулер белгіленді.
  • бір клиентке төлем карталарының саны қысқартылды.

Жаңа талаптарға сәйкес, сонымен қатар ЕДБ-лардан бір банктен бестен аса төлем картасын, сондай-ақ үш түрлі банктің әрқайсысынан үш төлем картасын тіркеген клиенттерді қатаң бағалау талап етіледі.

 

 


Рекомендовать
Последние новости