Қазақстанда әуежай қызметкерлеріне дейін жалған ПТР тест сата бастады

Dalanews 19 июл. 2021 04:36 806

Алматыда жалған ПТР-анықтамаларын сатқаны үшін әуежайдың екі қызметкері ұсталды.

Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, халықаралық әуежай аумағында жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде әуежайда істейтін 29 жастағы әйел мен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер шетелге ұшатын азаматтарға коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР-тест сатқан. Барлығы 15-20 анықтама сатылған.

Ұсталғандар ПТР-тесті ұялы телефондағы қосымша арқылы өздері жасаған.

Олар клиенттің анкеталық деректері мен анықтама датасын өзгерткен. Ал жолаушыларды ұшақ бортына өткізуге әуе компаниясының өкілдері көмектескен. Түскен ақшаны өзара бөліп алған.

"Қазір жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп мәлімдеді ведомство.


Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Сатушылар" уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Рекомендовать
Последние новости