Жетісайлық ұстаз үшемнің анасы атанды

Dalanews 19 июл. 2021 04:35 1079

Екі қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған Жомарт Бахитов пен Аягөз Қарымсақованың отбасы үшеммен толықты. Сәбилерге — Ернұр, Балнұр, Айнұр есімдері берілген, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.



Алтын құрсақты ана Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев елдімекенінде ұстаз болып жұмыс істейді.

Қазіргі таңда  нәрестелер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында. Олар медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулықтары қалыпты жағдайда.

– Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір етемін, – деді үшемнің анасы.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша былтыр 51 егіз дүниеге келген. Олардың 22-і егіз қыздар, 16-ы егіз ұлдар, 12 отбасында аралас сәбилер туылған.  Ал, биыл 10 отбасында егіздер жарық дүние есігін ашқан.

Рекомендовать
Последние новости