Қазақстанда ақпаннан басталатын маңызды өзгерістер мен оқиғалар

Dalanews 01 февр. 2026 17:00

1 ақпаннан бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр? Dalanews редакциясы маңызды өзгерістер мен негізгі оқиғаларды жинақтап көрді.

Білім беру ұйымдары – мектептер мен балабақшаларда тосыннан тексеру басталады. Негізгі назар балалардың қауіпсіздігіне, тамақтануына және санитарлық талаптарға аударылады.

Өрт қауіпсіздігі – жаңа нысандарды қолданысқа беру талаптары қатаңдайды. Адамдар көп шоғырланатын және биік ғимараттар өрт қауіпсіздігі қызметінің қорытындысы болмаса іске қосылмайды.

Ұлттық қор – балаларға – балалардың жеке есепшоттарына қаражат аударыла бастайды. Бұл қаражат болашақта білім алу мен тұрғын үйге жұмсалуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу – ҚҚС үшін цифрлық теңге пилоттық режимде қолданылады. Жаңа жүйе қаржы қозғалысының ашықтығын арттырып, салықты бақылауды жеңілдетеді.

Азаматтық алу – ҚР азаматтығына үміткерлер қазақ тілі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырады. Тестілеу ақпан айында өткізіледі.

Сыра өнімдері – бөтелке мен бөшкедегі сыраға міндетті таңбалау енгізіледі. Бұл контрафакт өнімдермен күресуге және тұтынушыларды қорғауға бағытталған.

ЕАЭО жүк тасымалы – тауар қозғалысы навигациялық пломбалар арқылы онлайн бақыланады. Жаңа тәсіл транзиттегі ашықтықты арттырады.

Ораза айы – 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні наурыз айының ортасына сәйкес келеді.

Қысқы Олимпиада – 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove