Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылы алтын қорын белсенді түрде толықтырған әлемдегі жетекші орталық банктердің қатарына енді. Жыл қорытындысы бойынша банк 57 тонна алтын сатып алып, әлемдік рейтингте екінші орынға шықты. Бұл деректерді Дүниежүзілік алтын кеңесі жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алтын сатып алу көлемі бойынша көшбасында Польша тұр. Олар бір жылда өз резервін 103 тоннаға ұлғайтқан.
Жалпы 2025 жыл әлемдік алтын нарығы үшін рекордтық кезеңге айналды. Орталық банктердің алтын сатып алу көлемі, биржадан тыс мәмілелерді қоса есептегенде, 5 мың тоннадан асты.
Жоғары сұраныс салдарынан алтын бағасы жыл ішінде 53 рет тарихи максимумды жаңартып, жыл соңында шамамен 45 пайыз өсті.
