Қазақстанда 1 миллион теңгеден аса жалақы алатындар кімдер?

Кәмшат Тілеухан 14 окт. 2024 10:52 2189

Қазан айында Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сәйкес, 2024 жыл бойына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша елімізде жұмыс істейтін адамдар санының 6,9 пайызының жалақысы 1 млн теңгеге жуықтаса, ал 4,3 пайызынікі 1 млн теңгеден асады. Демек, елімізде жұмыспен қамтылғандардың 11,2 пайызы жоғары жалақы алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда қанша адам жұмыс істейді?

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы мәліметінше, Қазақстанда жалпы жұмыс істейтін халық саны 9 190 346 адамды құрайды. Олардың 52%-ы - ерлер (4 742 544 адам), ал 48%-ы - әйелдер (4 447 802 адам). Оның ішінде өз-өзін жұмыспен қамтушылар саны 2 219 316 адамды (24%) қамтиды.

"Арнайы жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша 2024 жылы қызметкерлердің жалақысының медианалық мәні 285 677 теңгені құрады. Қызметкерлердің жалақысының модальды мәні (ең көп таралған деңгей) 97 557 теңгені құрады", - деп нақтылайды статведомство. 

Қазақстанда жұмыс істейтін адамдардың орташа айлық жалақы мөлшері келесідей:

  • жұмысшылардың 6,1%-ы 100 000 теңгеге дейін жалақы алды;
  • 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін - 12%;
  • 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін - 35,1%;
  • 300 001-ден 600 000 теңгеге дейін - 35,6%;
  • 600 001 теңгеден 900 000 теңгеге дейін - 6,9%;
  • 900 001 теңгеден 1 200 000 теңгеге дейін - 2,1%;
  • 1 200 001 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 1%;
  • 1 500 001 теңгеден жоғары – қызметкерлердің 1,2%.

IT маманы, темекі өндірісі, тау-кен саласы

Ұлттық статистика бюросының жылына бір рет ірі, орта және шағын кәсіпкерлер арасында жүргізетін сауалнама қорытындысына сүйенсек, "миллион" алатындар IT саласына шоғырланыпты.

"Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және осылармен байланысты қосымша қызметтер" сегментінде жұмыс істейтін қызметкерлердің шамамен 31,5%-ы 1 млн теңге және одан жоғары мөлшерде жалақы алады.

Одан кейін "ірі компаниялардың бас кеңсесінде жұмыс істейдер", "басқару мәселелері бойынша кеңес беру" секторының қызметкерлері (жалақысы 1 млн теңгеден басталатындардың үлесі – 24,6%), одан кейін "теңіз және жағалаудағы жүк көлігі қызметі" сегменті (22,7%).

20%-ы -"жарнамалық қызмет және нарық конъюнктурасын зерттеу".

Ал hh.kz платформа деректеріне сәйкес, ең жоғары жалақы менеджмент, маркетинг және автомобиль бизнесіне тиесілі.

Data hub та Ұлттық статистика бюросы келтірген бұл мәліметтерінің кейбіріне күмәнмен қарайды.

"Біздіңше, бұл деректер егжей-тегжейлі жіктелмеген. Мысалы, өнеркәсіп саласының өндіріс, өңдеу және екі коммуналдық секторға бөлу арқылы шектеледі (электр/жылыту және сумен жабдықтау). Сондықтан тау-кен (18,4%) немесе өңдеу (тек 4,4%) секторындағы миллионерлердің үлесі бұл арада ескерілмей қалған секілді. Сол секілді біз жүргізген шағын сауалнама келтірілген табак саласы мен мұнай сегменті де тысқары қалған сияқты.  Айта кетсек, алдында жарияланған мәліметтерге сәйкес, табак саласындағылар орташа жалақы бойынша 2024 жылдың II тоқсанында көш бастап тұрған: 1,3 миллион теңге (бағдарламалауға қарағанда жоғары). Бұл арада біз темекі өнеркәсібіндегі басшыларының жалақысы орташадан жоғары екенін атап өткен жөн. Орташа деңгей - 3,9 млн теңге. Бағдарламалау сегментінде, айтпақшы, менеджерлер одан аз алады: 1,5 млн теңге", делінген Data hub мәліметінде.

Әйелдер барлық салада ерлерге қарағанда төмен жалақы алады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың екінші тоқсанында әйелдердің орташа айлық жалақысы 311 217 теңгені құрап, ерлерге қарағанда 35%-ға төмен болған. Ерлердің орташа жалақысы 418 788 теңгеге жетті.

"Ең үлкен алшақтық қаржылық және сақтандыру қызметтерінде байқалады, мұнда әйелдер ерлерге қарағанда 50%-ға аз жалақы алады. Тұрғын үй және тамақтандыру қызметтерінде айырмашылық шамамен 34%-ды құрайды: әйелдер орташа есеппен 275 445 теңге, ал ерлер 368 388 теңге алады. Өнеркәсіп және құрылыс салаларында да алшақтық айтарлықтай жоғары – сәйкесінше 40% және 24%", - дейді экономикалық сарапшы Қуаныш Бейсенғазин.


Рекомендовать
Последние новости