Қазақстан Еуразиялық одақтан шыға алмайды. Неге?

Dalanews 11 мая 2018 06:27 860

«Біз қазір жұқпалы ауруға шалдыққан адаммен бір бөлмеде маскасыз отырмыз» дейді экономист Әлихан Қанапия. 


Кімді, нені меңзеп отырғанын бірден білдік. «Неге солай?» бағдарламасына қатысқан қаржыгердың ой-пікірін ықшамдап ұсынып отырмыз. 



Теңге неге құлдырады?


Ширек ғасыр өтті. Теңге тәуелсіздік ала алмады сол күйі.  Тәуелділіктен арыла алмады. Тағдыры мұнай мен рубль бағамына байланған қайран төл теңге...


Мұнайдың бағасы өсті. Былтыр 50 еді, биыл 65 доллар болды. Бұдан теңгенің жағдайы жақсарғаны шамалы, бірақ.


Бұл қалай? Билік не деп еді? «Теңгенің құлдырауы мұнай бағасына байланысты болып тұрған-ай...» деп тырнақ тістеген билік былтырлары. Жалған айтыпты. Өтірік соғыпты.


Ал рубль ше? Жоқ, ол енді оңалмайды. Айықпас ауруға шалдыққан. АҚШ пен Батыстың санкциясы сансыратып кетті Ресей валютасын.  Ең қауіптісі, біз қазір жұқпалы ауруға шалдыққан адаммен бір бөлмеде маскасыз отырмыз. Іргемізді аулақ салудың орнына дерті күн өткен сайын дендеп бара жатқан әлгі атамның қолтығына тығылудамыз. Өлетін бала молаға қарай жүгіруші еді...


Рубль ыңыранса, теңгенің тәлтіректеп кететіні сондықтан. Күні кеше Ресей валютасы 5 пайызға құлдырады.  Сазайын олар тартты, салқынын біз сездік.




Теңгенің қазіргі бағамы әділ емес біле білсеңіз. Әрі кетсе 250-270-тің шамасында тұрақтағаны жөн еді әуел бастан.



Долларға шаққандағы қазіргі құны 320-330 теңге. Бұл бағамды да тұрақты дей алмаймыз. Ертеңге сенім жоқ өйткені. Тағы да сыртқы фактор себеп оған.


Мұнай бағасының өсуі теңгенің нығаюына ықпал етпесіне көз жетті.


Дәл қазір теңгенің құлдырауына, құнсыздауына әсер етіп отырған бірден-бір себеп ол – саяси фактор. Ресей. Ресей рублі.


Қазіргі Ресей жарты әлеммен араз. Бұл араздық біразға созылатын түрі бар.  Ресейге салынған санкция күндердің күні рубльдің түбіне жетіп тынады. Мұндай жағдайда теңгенің тағдыры не болатынын елестетудің өзі қорқынышты.



 Путин



 Кремль алдағы уақытта қазіргі саясатын өзгертпесе, Путин қазіргі мақсат-мұратынан біржолата бас тартпаса Батыстың Кремльге салған санкциялары ертеңгі күні Ресейдің одақтастарына да таралуы мүмкін.


Батыс әлемі шыдамдылық танытып отыр әзірге. Әзірге ғана. Мұнда бір жағынан біздің дипломатияның да үлесі бар. Жыл басында Назарбаев АҚШ-қа барды. Трамппен кездесті. Екі елдің арасындағы әріптестікке қан жүгіртетін бірқатар құжаттарға қол қойды. Біріккен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.




Назарбаевтың төккен тері бекерге кетуі мүмкін. Кремль қазіргі бағытынан бас тартпаса күндердің күнінде санкция дауылы бізге де жетеді.



 Мұның алдын-алудың амалы бар ма? Бар. Ұлттық деңгейдегі саяси-экономикалық салаларды түгел қамтитын жоба қажет. Талап керек. Табандылық керек.


 Бұл бағдарламада: «Егер Ресейге бағытталған санкциялар алдағы уақытта күшейе түсер болса, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан уақытша (бәлкім біржолата) шығады» деген талапты тайға таңбай басқандай жазуымыз қажет.


 Ашығын айтқанда, өзімізді, өз мүддемізді, өз жағдайымызды ойлайтын кез келді. Баяғыда келген. Құқымыз да, қақымыз да бар.


 Қазақстан кімге не жазды, айналып келгенде? Кімнің алдында айыпты, кімнің алдында жазықты болды? Қайдан қателесті? Неден сүрінді? Қазақстан Украинамен араздасты ма? Жоқ, Қырымды басып алды ма? Болмаса Сирияны бомбылады ма? Жоқ, әрине.


Екі оттың ортасында қалдық опық жеп.




Ал Ресейге жанымыз ашымай-ақ қойсын. Ресей өз қателіктерінің сазайын тартып жатыр. Ол бұған лайықты. Санкцияның көкесі әлі алда...



Сезіп тұрған шығарсыз. Алапаттан аман қалғымыз келсе, қазірден қамдану қажет. Кешіксек, кешіктік. Ресей сияқты ертеңнен үміті жоқ елге айналамыз.


 ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Состоялась встреча Владимира Путина с Президентом Республики Казахстан Нурсултаном Назарбаевым.



Дағдарысқа дайынбыз ба?   


Мәселе сонда. Дағдарысқа дайынбыз ба? Ел басқарып отырғандарда осы дағдарыстан алып шығатын дайын жоба-жоспар бар ма? Білмеймін. Естігем жоқ. Жоқ шығар, құдай біледі.


Біздің билік аурудың алдын алмайды, асқындырып жібереді. Бұл дұрыс емес. Батыс пен Ресейдің арасындағы айқастың ауанына қарасақ ертеңгі күні санкциялар бізге де жетеді. Біз соған дайынбыз ба? Билік қандай қарекет қылып жатыр?


Білмейміз. Үкіметтің, биліктің не білгенін барын білмейміз. Бизнес өкілдері, бұқара да хабарсыз.


 



Біздің билік



Мойындамайды. Билік Қазақстанның Еуразиялық одаққа қосылғанын тәуелсіз елдің тарихындағы ең үлкен қателік, ең үлкен трагедия болғанын мойындағысы жоқ. Біледі. Түсінеді. Көріп отыр. Бірақ, бәрібір де мойындамайды.




Мойындаса қарабет болады, онсыз да халыққа қарайтын бет жоқ. Біздің биліктің болмысы сондай – халықтың алдында ешқашан ешнәрсеге жауап бермейді.  



Одақтан опа таппасымыз әуел бастан белгілі болды ғой. Қайталаудың қажеті жоқ шығар.


Ресей бізге қарсы жұмыс істеп отыр. Біздің нарыққа қарсы.




Бұл одаққа мүше мемлекеттің құқығы да тең болуы керек еді. Ресей оны да бұзды.



Айталық, бізде «Астана моторс» бар. Әжептәуір компания. Смағұлов жүк көліктерін Ресейге шығарғысы келген. Кіргізбеді. Сылтау айтты, себеп шығарды. Олар бізге бәрін сатқысы келеді, ұнтақ сүтінен бастап саудыраған Ладасына дейін кіргізгісі бар.


Мәселе, Ресейді жамандауда жатқан жоқ. Бұл кез-келген үлкен экономиканың өзінен кіші экономикаға көрсететін әлімжеттігі.




Айтып отырмын ғой қазақ билігіне қазақ азаматтарының жағдайын ойлайтын, қазақ кәсіпкерлерінің сойылын соғатын кез келді. Баяғыда келген.



Билік біздің тыңдамайды ғой, бірақ. Біздің биліктің болмысы сондай – халықтың алдында ешқашан ешнәрсеге жауап бермейді.  


ДайындағанДуман БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости