Қазақстан Amazon команиясының платформасында сауда жасау мүмкіндігіне ие болды

Dalanews 25 мая 2021 17:07 1236

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдегі интернет сауданың көрігін қыздырып жүрген Amazon команиясымен келіссөздерді аяқтап, келсімге келгенін жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде Бақыт Сұлтанов «Достар, сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді! Біз өткен жылдың қараша айында басталған Amazon комапниясымен келіссөздерді аяқтадық. Сонымен, 20 мамырдан бастап біздің еліміз әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға рұқсат етілген елдердің тізіміне ендік» деп жаңалығымен бөлісті.

Министрдің айтуынша Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен шағын және орта бизнес өкілдері алдағы уақытта тұтастай ОРТАЛЫҚ АЗИЯ бренді ретінде аймақ өнімдерін бірлесіп, саудалау мүмкіндігіне ие болғанын алға тартты.

– Біздің кәсіпкерлер ендігі жерде Amazon-ға тіркеліп, сайттағы барлық операцияларды жүргізу үшін заңды тұлға ретінде тіркеліп, банктік шот аша алады. Енді қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы жасап, еліміздің атынан сауда жасау мүмкіндігіне ие – сатушы елдердің қатарына қосылды, – деді министр.


Amazon әлемдегі танымал сайттардың бірі. Платформада әлемнің 200-ден астам елі мен жүздеген миллион белсенді клиенттері бар. Оның үстіне, 188 елдің сатушылары тіркелген.

Amazon шағын және орта бизнеске жол ашатын өте маңызды құрал. Бүгіндегі әлемдегі бөлшек сауданың 60%-ы осы платформа арқылы іске асуда. Өткен жылы Amazon комапниясының сатылымы 386,1 миллиард долларды құраған болатын.

Рекомендовать
Последние новости