Қазақстан АЭС салып берген Ресеймен қалай есептеседі?

Көркем Алдабергенова 18 июн. 2025 13:39

Қазақстан Ресейден АЭС құрылысына несие алатын болса, оны қандай шарттармен алып, қалай қайтарады? Бұл сұраққа Қаржы министрі Мәди Такиев әзірге нақты жауап бере алмай отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналист пен министр диалогы

– Біз несиені қандай шартпен аламыз және оны өтеу қандай қаражат есебінен жүзеге асады? – деп сұрады журналист.

– Құжаттарды күтейік, содан кейін көреміз. Әзірге ешқандай құжат жоқ, – деп жауап берді Мәди Такиев.

– Несие республикалық бюджет есебінен өтеле ме?

– Білмеймін. Бұл жөнінде нақты мәлімет жоқ, – деді министр.

Бұған дейін Атом энергиясы агенттігі Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру беретінін хабарлаған еді. Бұл қаражат ұзақ мерзімде дайындалатын құрал-жабдықты (ядролық реактор, бу генераторлары, басты айналмалы сорғылар) сатып алуға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ.

АЭС құрылысының жалпы құны әзірге белгісіз.


Рекомендовать
Последние новости