Еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің үштен бірі моноқалалар үлесіне тиеді

Сағыныш Сардарова 18 июн. 2025 15:50

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков моноқалалардың еліміздің өнеркәсіп өндірісіне қосар үлесі зор екенін баяндады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі жалпы көлемнің 36,4%-ын құрады.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша моноқалалардағы өнеркәсіп өндірісі көлемі 18,2 трлн теңгені құрады, ал 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,4%-ға артты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артты", - деді Бауыржан Омарбеков.
Қазіргі таңда елімізде 1,4 млн тұрғыны бар 20 моноқала бар. Онда 18 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жұмысы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Кәспорындар негізінен тау-кен, металлургия және энергетика салаларына негізделген.

Рекомендовать
Последние новости