Малайзиялықтар Қазақстанда зауыт ашпақ

Көркем Алдабергенова 18 июн. 2025 15:33

Малайзияның Proton Holdings Berhad компаниясы Қазақстанда электромобиль өндіретін зауыттар ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы компания өкілдері Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен кездесу кезінде мәлімдеді.

Компания Қазақстанда өндіріс орналастырып, e.MAS брендімен электромобильдер шығарғысы келеді.

Кездесу барысында тараптар зауыттың экспорттық әлеуеті мен технологиялық базасын талқылағанымен, нақты егжей-тегжейі әзірге белгісіз. Келіссөз қорытындысы бойынша алдағы зауыт құрылысына қатысты жол картасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылатын болды.

Сондай-ақ Ерсайын Нағаспаев 2026 жылы Алматы мен Қостанайда жылына 190 мың көлік шығаруға қауқарлы екі автозауыт ашылатынын хабарлады.

Ал осы уақытта Қарағанды облысында қытайлық инвесторлар көмірден газ өндіретін зауыт салуға кіріспек.


Рекомендовать
Последние новости