Отбасы банк несие рәсімдеуде алатын комиссия көлемін екі есеге өсірді

Кәмшат Тілеухан 18 июн. 2025 11:05

"Отбасы банк" аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын рәсімдеу қызметіне алатын комиссия көлемін екі есеге өсіреді.  Яғни,  2025 жылдың 19 маусымнан бастап банк ипотекалық несиені есептеу және оны беру үшін алатын комиссия сомасын 0.5-тен 1%-ға дейін көтереді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл арада аталған комиссия көлемі 300 мың теңгеден аспауы тиіс деген шектеу барын баса айта кетелік. Әрине, әр жағдайда комиссия көлемі әрқалай болары анық. Сондықтан түсінікті болу үшін мына бір сызбаны өз назарларыңызға ұсына кетелік:

Ұсталатын комиссия мөлшері, % тіркелген заем - 25 млн теңге тіркелген заем - 30 млн теңге тіркелген заем - 35 млн теңге
19 маусымға дейін - 0,5% 125 000 теңге 150 000 теңге 175 000 теңге
19 маусымнан кейін - 1% 250 000 теңге 300 000 теңге

300 000 теңге

"Отбасы банк" комиссия мөлшерін несие беру кезінде банктің операциялық шығындарының өсуіне байланысты қайта қаралғанын айтады.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотеканы рәсімдеу қызметі тегін болып қала беретінін де баса айта кетелік.

Сонымен қатар, банк барлық несиелер бойынша өтінімді қарауға комиссия алмайтындарын да айтады.

Айта кетсек, коммерциялық банктерде ипотекалық несиені рәсімдеу кезінде алынатын комиссия көлемі 1-ден 2 пайыз аралығын қамтиды.

 


Рекомендовать
Последние новости