"605 теңгеден сатылуда". Доллармен қатар еуро бағамы да күш алды

Кәмшат Тілеухан 18 июн. 2025 16:26

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 518,81 теңгені құрап, бір тәулікте бірден 1,36 теңгеге тағы қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық Банктің таңертең бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 517,45 теңге, ал 1 еуро 598,59 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 519,5-520 теңге, 1 евро 598-605 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр.

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы шамалы төмендеді. 

  • ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,14%-ға шамалы төмендеп, 1 баррелі 76,34  долларды құрады. 
  • NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,23%-ға арзандап, 1 баррелі 73,13 доллар болды.

Айта кетсек, кеше де доллар қымбаттаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости