«ҚазАгро» аграрларды кооперативтерге бірігуге шақыруда             

Dalanews 26 мая 2016 22:23 817

  IMG_5060Павлодар облысында аймақтың өндіруші-шаруашылықтарымен ертіс маңында алғаш рет кооператив құрылды. Жаңа бірлестік - «Ертіс Агро» ӘКК облыстың алты негізгі астық өсіруші аудандарында жалпы алаңы 140мың га 44 ауылшаруашылық тауар өндірушілері кірді.  Шаруалар дер кезінде қаржыландырудың арқасында егістік алдындағы   топырақты өңдеуді аяқтады және дәнді және азықтық дақылдардың егістігін бастады.  

Қазақстанда кооперациялар принципіндегі республиканың шаруа қожалықтарының бірігу процессі қарқын алуда.  2015 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі шағын және орта агробизнес үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын әзірлеп және пилоттық режимде іске қосты.  Ұсынылған шешім кооперациялар мен ортақ жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді біріктіруді болжайды. Бұдан басқа, «ҚазАгроның» бастамасы ауылдағы қаржыландыру процессіне екінші деңгейлі банктерді белсенді тартуды ынталандырады.   

 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қанат Жауымбаев айтқандай, шаруашылықтардағы кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кейде шаруашылықтарда кепілдік базасының толық болмауы көптеген  ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің  қаржы қаражатын алуы кезінде қиындық туғызатын басты себептердің бірі болып табылады. Несие ресурстарының жетіспеушілігі, ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларының – техникалық әлсіз жарақтану мен өндірістің ұсақ тауарлығының     алғышарттары болады. «Осы мәселенің маңызды шешімдерінің бірі «ҚазАгроның» кооперациялар принциптеріндегі аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы болды.  Оның мәні, шаруалар біріге отырып несие қаражаттарын алады, ал олардың қайтарылуының кепілдігі кооператив мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады» - деді Ұлттық холдингтің өкілі.

Өткен жылы үш кооперативтің базасында іске асырылған жоба, астық өндіруші- шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі қозғалысқа дейін өсті.   Бүгінде республикада «ҚазАгроның» қаржылай қолдауымен 10 ауылдық өндірістік коопративтер құрылып және  егістік жұмыстарына кірісіп кетті, олар елдің төрт астық себуші аймақтарында 222 шаруашылықты біріктіреді.    

 «Ертіс Агро» ӘКК кооперативінің қызметінің негізгі бағыты – дәнді, майлы және азықтық дақылдарды өндіру мен қайта өңдеу.  Бірлестік шаруашылықтары бидай, арпа, қарақұмық, зығыр және т.б. өсіреді.  Кооперативтің Басқарма төрағасы Ерлан Тоқтышақовтың айтуынша, бірлестіктің мақсаты – бұл астық кластері мен ауылда бәсекелес ортаны құру. Міндеттерді іске асыру үшін ӘКК болашақтағы жоспарында – егістік алаңдарын ұлғайту, дақылдарды өсіру процессіне жаңа технологияларды енгізу, кооператив өсірген өнімдерді сақтаумен, қайта өңдеумен байланысты өндірістерді күштерін біріктіріп құру және онымен экспорт нарықтарына шығу.  Кооперативтің басшысы айтқандай, қаржы институты ретінде, «Ертіс Агро» ӘКК әріптестік қатынасының негізінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша қаржыландыруды іске асыратын оператор болып «Bank RBK» АҚ таңдалды.

«Біз ауылшаруашылық кооперативтерін қаржыландыру банк бизнесіндегі аса перспективалық бағыт деп есептейміз. Аграрлық секторды несиелеу қашанда жоғары тәуекелмен байланысты, сондықтан коммерциялық банктер осындай жобаларға сақтанып қарауға мәжбүр. «ҚазАгро» холдингімен ұсынылған схема фермерлердің бірігуін ынталандырады, осы ретте несие беруші ретіндегі банктердің тәуекелдері айтарлықтай төмендейді. Банктердің ауылшаруашылық кооперативтерімен табысты ынтымақтастығының алғашқы мысалдары елдің барлық аймақтарындағы фермерлерді белсене біріктіруге әкеледі деп үміттенеміз, оның нәтижесінде отандық аграрлық сектор қажет көлемде қолжетімді несиемен қамтамасыз етіледі, ал банктер ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тарту есебінен клиенттер базасын біршама ұлғайта алады», – депатап өтті  «Bank RBK» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Раушан Секербаева.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен ағымдағы жылғы көктемгі-егіс жұмыстарының барысында егін егу жұмыстарын жүргізу үшін және жалпы республиканың аграрларын қолдауға 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражаты бағытталғанын еске саламыз, оны қарыздар түрінде Холдинг пен Екінші деңгейлі банктер арасында бөлу болжанады. Бүгінгі күнгі жағдайда КЕЖ қаржыландыру шеңберінде Холдинг компаниясына республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен жалпы сомасы шамамен 48 млрд.теңгенің  1 555 өтінімі келіп түсті.  Түскен өтінімдер санының қазіргі уақытта  1 515  өтініші мақұлданды, оның жиынтық сомасы 49,9 млрд. теңгеге  1 410 өтінімі бойынша қаржыландыру жүзеге асырылды.

«ҚазАгро» Холдингінің Бұқарамен байланыс департаменті





Рекомендовать
Последние новости