Пантеонға ақша жоқ

Dalanews 26 мая 2016 23:40 934

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ұлттық пантеонның құрылысына қаражат қарастырылмағанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

«Пантеонға ақша жоқ. Бұл мақсаттарға ешқандай ақша қарастырылмаған. Биыл бюджетте құрылысқа ақша қарастырылмағанын айта аламын. Келесі жылға да қарастырылмаған», – деді ол Астанада Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысындағы үзілісте.

Еске салайық, осыған дейін 2016 жылдың соңына дейін Астана қаласының шекарасы 9 мың гектарға кеңейтілетіні хабарланған еді. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында халықаралық әуежайды кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай қала әкімдігі іргені кеңейтуге 3340 гектар жер бөлді. Қазір онда үлкен әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, шаһарды одан сайын үлкейту мақсатында тағы 7300 гектар бөлінді. Майбалық көліне дейін. Ол жер тұрғындар демалатын орын болмақ.

Осыған дейін елорда әкімдігіне сілтеме жасаған БАҚ-тар Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің құны 79 миллиард теңге делінген мәлімет тараған болатын. Кейін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікірінде пантеон салуға жұмсалатын қаражат жайлы айтуға ерте екенін мәлімдеген болатын.


Рекомендовать
Последние новости