Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатыр. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден аса қаржы бөлінді.
Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ, Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
"Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз ФАП орнына фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінде елді мекенде 822 адам тұрады", - деп жазылған хабарламада.
Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан аса тұрғанға қызмет көрсетеді.
"Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандары шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан аса тұрғын бар.